АймақБұқар жырау

Новоузенкалық 12 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды

Күні кеше Бұқар жырау ауданы Новоузенка аулының әлеуметтік осал топқа жататын 12 азаматының отбасы жаңа баспаналы болып, қоныстойларын жасады.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл пәтерлерді аудандық әкімдік жеке құрылыс салушылардан сатып алып, енді кезекте тұрған көпбалалы отбасылар, жалғызбасты, асыраушысынан айырылған және мүгедектігі барлар санатындағы адамдарға беріп отыр.

Оларға пәтер кілттерін Бұқар жырау ауданы тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Айнагүл Искакова салтанатты түрде тапсырып, құттықтау сөз сөйледі .

Сол күні жаңа пәтерге ие болған жандардың қуанышында шек жоқ еді. Солардың бірі Нұргүл Мұстафина:

– Бүгін біз үшін ерекше күн. Көп жылдан бері армандаған баспанамызға ие болғанымызға қуаныштымыз. Осындай шаттық сыйлаған аудандық әкімдік пен құрылысшыларға өте ризамыз, – дейді ағынан жарыла.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button