Бұқар жырауЖаңалықтар
Бұқар жырау ауданының тұрғындары ерекше көрме ұсынды
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Бұқар жырау аудандық мәдениет үйінің алаңында ерекше мазмұндағы көрме ұйымдастырылды.

Шара барысында қазақ ұлттық мәдениеті мен этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір бұйым мен дәмнен халықтар арасындағы достық пен татулықтың, бірлік пен ынтымақтың айқын көрінісін байқауға болады.

Бір шаңырақ астында біріккен еліміздің бай мәдени мұрасы – ортақ мақтанышымыз!
Ержан ИМАШ
Ortalyq.kz



