“Таза Қазақстан” акциясы аясында Теміртау қаласында өткен сенбілікте Гагарин алаңына ағаш отырғызу ұйымдастырылды.

Бұл шараға қала әкімі Ғалым Әшімов пен қалалық мәслихаттың депутаттары, спорт өкілдері мен 50 белсенді жас қатысты. Олар бұл күні аталған алаң аумағына 100 тал ағаш көшетін отырғызып, қаланың көгалдануы мен жасыл аймаққа айналуына өз үлестерін қосты.

Бұл іс алдағы уақыт та да жалғаса бермек.
Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ



