ТеміртауАймақЖаңалықтар

Теміртауда бұлақ көздері тазартылды

Бүгін Теміртау қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында бұлақ көздерін тазарту жөнінде экологиялық шара өтті.

Суреттер автордан

Бұл күні теміртаулық «Таза Қазақстан» қозғалысына қатысатын белсенді жастар қаланың 8-шағын ауданы мен “Қарағанды-Теміртау” тас жолы бойында ағып жатқан бұлақтар басында болып, олардың көзін аршып, айналасын қоқыс, шөп-шалам, қағаз қалдықтарынан арылтты.



«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымыздың қағидасын ұстанған жастар осы ісімен туған жер табиғаты мен қоршаған ортаға қамқорлығы мен сүйіспеншілігін көрсетті.

                                                   Ержан ИМАШ
                                                   ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Back to top button