Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?

Былтыр қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан жалпы сомасы 93,5 млн АҚШ долларына 12,3 мың тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттаған, деп хабарлайды ortalyq.kz Ult.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет:fragrantica.ru

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр гүл 53 елден, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африкадан әкелінген.

Ең ірі жеткізушілер:

  • — Эквадор — 6,4 мың тонна;
  • — Нидерланд — 2,3 мың тонна;
  • — Қытай — 1,1 мың тонна;
  • — Колумбия — 978 тонна;
  • — Кения — 975 тонна.

Айта кетейік, осы кезеңде Қазақстан ТМД елдеріне 1,5 мың тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін экспорттаған.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button