Ресми

Ержан Сәденов өз лауазымын сақтап қалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ortalyq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет: inbusiness.kz

Ержан Сапарбекұлы Саденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында дүниеге келген. 

1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы ШҚО ІІД Қылмыстық іздестіру басқармасы ауданаралық жедел іздестіру бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған.

1994-1995 жылдары — ШҚО ІІД ҚІБ жедел-іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі 

1995 – 1996 жылдары — ШҚО Өскемен қаласы ІІБ жедел-іздестіру бөлімі жанындағы автокөлікті ұрлау және айдап әкетуге қарсы күрес бөлімшенің бастығы.

1996 жылы — Өскемен қаласы бойынша МҚКБ қылмыстық іздестіру бөлімі мүліктік және нашақорлық қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы.

1997-1998 жылдары — ШҚО ІІБ Серебрянск қаласы бойынша МҚКБ жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу басқармасы іздестіру бөлімі басшының орынбасары.

1998 жылы ақпан айында ШҚО ІІБ аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

1998-2000 жылдары — ШҚО ІІБ аса маңызды істер жөніндегі бөлімнің бастығы.

2000-2004 жылдары — ШҚО ІІБ Зайсан ауданы ІІО бастығы.

2004-2006 жылдары — ШҚО ҚІІБ Тарбағатай ауданына ІІО басшы.

2006-2008 жылдары — ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығы.

2008-2009 жылдары — ШҚО ІІД Риддер қаласы ІІО бастығы.

2009 жылы — ШҚО ІІД Өскемен қ. ІІБ бастығы.

2009 жылдан 2013 жылға дейін — Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары.

2013-2015 жылдары — ҚР ІІМ Департаменті бастығы.

2015 жылы көліктегі ІІД бастығының міндетін атқарушысы лауазымына тағайындалды

2015-2016 жылдары —  көліктегі ІІД бастығы.

2016-2019 жылдыры — Ақмола облысы ПД бастығы.

2019-2022 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы.

2022 жылдан 2023 жылға дейін — ҚР ішкі істер министрінің орынбасары.

2023 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР ішкі істер министрі болып тағайындалды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button