Бас тақырып
Qarmet компаниясының жаңа логотипі қандай?
Qarmet компаниясының жаңа логотипі әзірленді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Qarmet компаниясы жаңа логотипті ұсынды. Жаңа логотиптің эскиздері акционерлік қоғамның ресми Telegram-каналында ұсынылған. Олар ақ және қою көк фонда, күн сәулесі астында Qarmet жазуын бейнелейді.
– «Qarmet» деген жазу – кәсіпорынға қайтарылған тарихи атауы. Логотип таудың үстінен шыққан күн түрінде жасалған. Тау Теміртау қаласын көрсетсе, атқан таң – «жаңғыруды» білдіреді. Компанияның жаңа басшылығы комбинаттың даңқын, металлургтер мен кеншілер мәртебесін, қоршаған ортаны қалпына келтіру ұранымен жұмысқа кірісті, – делінген хабарламада.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.



