Бас тақырып

«Айбоз» ұлттық сыйлығы – Арқада

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен биыл екінші рет ұйымдастырылған республикалық «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының қорытындысы жарияланды. Жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының директоры, «Орталықтың» түлегі Жанат Жаңқашұлы «Поэзия» аталымы бойынша үздік атанды. 

Суреттер: Ж.Жаңқашұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Айта кетейік, аталмыш сыйлық қаламгерлер мен баспагерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету, қаламгерлердің еңбегін насихаттап, бағыт-бағдар беру және олардың шығармашылық жұмыстарының жарық көруіне ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған. Биыл осы байқауға барлық жанр бойынша 300-ден астам өтінім келіп түскен.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік балалар әдебиеті» аталымында белгілі жазушы Серік Асылбекұлы жеңімпаз атанды. Ал, «Үздік драматургия» аталымы бойынша «Адам ата, Хауа ана» шығармасымен Исраил Сапарбай дара шықты. 

Қуандық Түменбайдың «Анамның құрбысы» повесі «Үздік проза» деп танылды. «Көзімнен сүй, көбелек» өлеңімен ақын Жанат Жаңқашұлы «Айбоз» сыйлығының «Үздік поэзия» аталымы бойынша үздік атанды. 

Сонымен қатар, «Үздік аударма» жүлдесі «Қасқырлар құпиясы» шығармасымен Абай Мауқараға табысталды. Белгілі жазушы Дидар Амантайдың «Абай һәм Ницше іліміндегі Құдай, адам және автор мәселесі: үш супер мағынаның күйреуі» атты әдеби талдауы – «Үздік әдеби сын», белгілі аниматор режиссер Сәлімғали Мырзашев – «Үздік комикс» аталымында жеңіске жетті.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button