Коронавирус

Ержан Нұрлыбаев: «Демеушілер көмегімен 50 мың экспресс-тест алынады»

Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев аймақтың эпидемиологиялық ахуалы туралы айтып берді. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, сырқатқа шалдыққан екі адамның жағдайы қазір қанағаттанарлық. Олар оқшауланған және тиісті ем-дом алуда.

  • Карантинде 124 адам тәулік бойы бақылауда. Бұл 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Үй карантинінде — 31 адам, медициналық бақылауда – 249 адам, тағы 277 адам қашықтықтан мониторингте. Қазір әлеуметтік желіде Теміртауда 2 адамның коронавирус инфекциясына шалдыққаны туралы қауесет тарауда. Бұл – жалған ақпарат. Сондықтан да, тек, ресми мәліметтерге ғана құлақ асу қажеттігін тағы да еске саламын , – деді Ержан Нұрлыбаев.

Бұдан бөлек, басқарма басшысы «Дамумед» қосымшасын арқылы  азаматтарды қашықтан мониторингтен өткізу мүмкіндігі пайда болғанын атап өтті. Аталмыш қосымшаны жүктеп алған азаматтар күніне бірнеше мәрте өз денсаулығы туралы ақпаратты учаскелік дәрігерге және КВИ штабының өкілдеріне жолдай алады. Емделушінің ақпараты негізінде дәрігерлер оқшаулау немесе емханаға жатқызу туралы шешім қабылдайды.

  • Қазір аймақта коронавирусты анықтауға арналған тестер жеткілікті мөлшерде бар. Алдағы таңда облыс аумағында демеушілердің қаражаты есебінен 50 мың экспресс-тест алынады. Сонымен қатар, қазір күн сайын 1200 сынама алынуда. Бұл вирусты нақты анықтауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті басқарма басшысы.

 

Басқа материалдар

Back to top button