Бас тақырыпРуханият

Қазақтың қасиетті қазынасы

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «…Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз» деп жазды. 

 

Ақын мұраларына жан-жақты талдау жасалған мақаланы оқи отырып,  өткен мен қазіргінің арасында еш айырма жоқтай көрінеді. Қара сөздеріндегі, өлеңдеріндегі терең философиялық толғау арқылы жақсы мен жаманның айырмасын көрсетіп, әр кездері қоғамға, тіпті, бүкіл адамзатқа зиянын тигізетін жайттар жан-жақты айтылған. Масылдық, салғырттық туралы айтылған ойлары қазіргі қоғамның бас ауруын дөп басып айтқандай.

Мемлекет басшысы өз мақаласында осылардың барлығына жан-жақты тоқталады. Сондай-ақ, мақалада торқалы тойдың тағылымы болуы керектігіне де ерекше назар аударылған.

Абайдың 175 жылдығы аясында атқарылатын шаралар тасты да тесетін тамшы тәрізді әрқайсымыздың көкірек көзімізді ашып, берісі татулығы жарасқан біртұтас ұлт ретіндегі, әрісі әлем елдерінің алдындағы беделімізді көтеретініне сенімдіміз. Қасым-Жомарт Кемелұлының айтып отырғаны – осы.

Абай қалдырған қастерлі мұра – біздің ел ретінде дамуымызға жол ашады.

Ең бастысы – осы!

Сәлижан САДЫҚОВ,

Ішкі істер органдарының ардагері.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.  

Басқа материалдар

Back to top button