Бас тақырып

«9-20-25» бағдарламасы: кімдер қатыса алады?

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова жаңа «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: azattyq-ruhy.kz сайтынан

Бұл бағдарлама жұмыс істейтін жастарға арналған. 2024 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Қазір академиялық ғылым қызметкерлерімен пилоттық жоба ретінде басталыпты. Осы бағдарламамен үй алу үшін үміткердің ғылыми жетістігі әрі соңғы бес жыл ішінде баспанасы болмауы шарт.

– Біз қазақстандық тұрғын үй бағдарламасы үлестік құрылыс нарығының әділ және ашық болуын қамтамасыз етуге орасан зор үлес қосады деп есептейміз. «9-20-25» бағдарламасына тек қана дайын тұрғын үйлерді ғана емес, сонымен қатар ҚТК кепілдігімен салынып жатқан тұрғын үйлерді де қамту керек деген ұсынысты қолдаймыз.

Тағы бір ұсыныс болды. Оны қауымдастықпен талқыладық. Біз құрылысшылармен жиі кездесеміз және кейбір қосымша мәселелерді көреміз. Мысалы, «7-20-25» бағдарламасында қатысу санына шектеу болған жоқ. Яғни, үміткер 2019 жылы пәтер сатып алып, содан кейін жылжымайтын мүлік бағасы өскенде қайта сатып жіберсе, 2021 жылы қайтадан бағдарламаға қатыса алады. Енді жаңа бағдарламада бұған тыйым салынады. Адам тек бір рет қатысады. Сонымен қатар, өтінім беру кезінде «9-20-25» бағдарламасында соңғы бес жылда тұрғын үйі болмауы қажет. Біз мұны мемлекеттік деректер базасы арқылы тексеретін боламыз, – деді Ләззат Ибрагимова.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button