Жаңалықтар

Экспорт және импорт мәмілелерін қалай тіркеуге болады: бес қадам

Ұлттық Банктің Қарағанды филиалы экспорт немесе импорт операциялары туралы қалай дұрыс хабарлау керектігін еске салады және импорттаушылар мен экспорттаушылардың әдеттегі қателіктері туралы әңгімелейді.

 

Егер сіздің компанияңыз шетелдік әріптестермен баламасы 50 мың АҚШ долларынан асатын ірі сауда мәмілелерін жасаса, ұлттық валютаны немесе шетел валютасын репатриациялауды қамтамасыз ету қажет.

Экспорттаушылар үшін бұл валюталық түсімді қазақстандық банктегі өз шотына есепке алуды, ал импорттаушылар үшін, мәміленің аяқталғанын, яғни, тауарлардың әкелінгенін растауды білдіреді.

Стандартты сауда мәмілесінің басынан аяғына дейін, барлығы 5 әрекет.

Біріншісі – келісім-шарттағы маңызды мәліметтерді көрсету. Валюталық бақылау бойынша міндеттемелерді еш қиындықсыз орындау үшін, шартты жасау сәтінде екі нюансқа назар аударыңыз: міндеттемелерді орындау мерзімі және шарттың сомасы.

Мәміле валюталық бақылау объектісіне айналуы үшін шарттың сомасы баламада 50 мың АҚШ долларынан артық болуы тиіс.

Алайда, мәміле сомасын көрсету және АҚШ долларымен есеп айырысу міндетті емес: валюта шарт тараптарының таңдауы бойынша кез келген болуы мүмкін.

Егер шарт басқа шетел валютасында жасалған болса, шарт жасалған күнгі нарықтық айырбас бағамы бойынша мәміле сомасының АҚШ долларындағы баламасын есептеңіз.

Егер мәміле сомасы көрсетілмесе, онда мұндай шарт кез келген жағдайда есептік тіркеуге жатады.

Міндеттемелерді орындау мерзімі – экспорттық мәміле үшін тауарды төлеу мерзімі және импорт үшін тауарды жеткізу мерзімі.

Экспорт немесе импорт бойынша ұлттық немесе шетел валютасын репатриациялау мерзімі міндеттемелерді орындау мерзіміне байланысты болады.

Екінші – қайтару мерзімін есептеңіз.

Бұл мерзім операцияның түріне және жеткізу орнына байланысты есептеледі: Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне және басқа да шет мемлекеттерге тауарларды экспорттау үшін мерзім әр түрлі болады.

Ұлттық Банк Басқармасының №42 қаулысымен бекітілген экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру ережелерін ұстаныңыз.

Үшіншісі – шартты есептік тіркеу үшін қызмет көрсететін банкке хабарласыңыз. Сізге келісім-шарт та, белгіленген нысандағы өтініш те есептелген қайтару мерзімімен қажет болады. Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін банкке жүгіну маңызды.

Экспорттаушыларға шотқа ақша алғанға дейін, ал импорттаушыларға тауарды жеткізгенге дейін шартты есептік тіркеуді алу маңызды.

Төртінші – банкті шарттың орындалу барысы туралы хабардар етіңіз. Егер Тараптардың кез келгенінің міндеттемелерін орындау кешіктірілсе және сіз және серіктес жеткізілім немесе төлем мерзімін ұзарту туралы қосымша келісімге қол қойса, банкке уақытында хабарлау өте маңызды.

Соңында, бесінші – мәмілені аяқтаңыз. Мәміленің сәтті аяқталуының нәтижесі, экспорттаушының шотына ақша аудару немесе импорттық тауарды жеткізу.

Сіздің банкіңіз репатриациялау жөніндегі талаптардың орындалуын бақылайды және экспортердің немесе импортердің еркін нысандағы өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде есептік тіркеуден экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты алып тастайды.

Егер экспорттаушы репатриациялау мерзімі ішінде тауар үшін төлемді шотқа алатын болса, онда осы сәтте экспорттаушының валюталық бақылау тұрғысынан міндеттемелері орындалды деп есептеледі.

Импорттық мәмілелер жағдайында импорттаушының міндеттемелерін орындау туралы ақпарат, ақпараттық жүйеде көрсетіледі: Еуразиялық экономикалық одақтың резидент компаниясымен мәміле жасасу кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш, шет мемлекеттің Резидентімен мәміле болған жағдайда тауарларға декларация көрсетіледі. Егер құжаттар көрсетілмесе, Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде тауарларға арналған декларациялардың және айналыс бойынша тауарларды әкелу туралы өтініштердің болуы туралы ақпарат береді.

Міндеттемелерді орындау мерзімдерін ұзарту туралы ақпаратты немесе орындалғанын растайтын құжаттарды, егер шетелдік әріптес экспорттаушы немесе импорттаушы алдында орындамаған міндеттемелердің сомасы 50 мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың соңғы күнінен кешіктірмей ұсынады.

Есеп айырысуды, жеткізуді немесе жеткізу мерзімін ұзартуды уақтылы және толық көлемде растау маңызды, әйтпесе банк валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны туралы ақпаратты уәкілетті органға беруге міндетті болады. Ұлттық немесе шетелдік валютаны қайтару талабын орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылған: заңды тұлғалар үшін әкімшілік жауапкершіліктен бастап, лауазымды тұлғалар үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін, қандай шараны қолдану керек – сот шешеді.

Экспорт пен импорттың стандартты операцияларынан басқа бірқатар жеке жағдайлар бар. Мысалы, егер тауарлар импорты бойынша мәміле жасалмаса және шетелдік сатып алушы ақшаны қазақстандық өнім берушінің шотына қайтарады.

Тағы бір мысал – мәмілені жүзеге асыру валюталық түсімді қазақстандық банкке есептеуді көздемейді. Немесе: Қазақстанның резидент компаниясы іс-шараны шетелде өткізеді және тауарлар мен қызметтерге ақы төлейді.

Барлық ерекше жағдайлар валюталық бақылау ережелерінде көрсетілген, бірақ жалпы қағида біреу: мәміле қалай жүзеге асырылатынына қарамастан, экспорт пен импорттың барлық ірі операциялары үшін валюталық бақылау ережелері қолданылады – алдынала төлем немесе сіз тауарды қай елге жеткізесіз немесе қай елден әкелесіз.

Егер мәміле сомасы 50 мың АҚШ долларының баламасынан асып кетсе, шартты есептік тіркеуді алу және оның орындалу барысы туралы хабарлау міндеттемесі пайда болады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»

РММ Қарағанды филиалының баспасөз орталығы.

Басқа материалдар

Back to top button