Жаңалықтар

Қарағандыда сыртқы жарнаманы қазақ тілінде дұрыс жазуға жәрдемдесетін Сall-орталық құрылды

Қарағанды облысында кәсіпкерлерге сыртқы жарнамалар мен визуалды ақпарат мәтінін рәсімдеуге көмектесетін бірыңғай Сall-орталық құрылды. Енді кәсіпкерлер WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы кеңес ала алады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Егер сіз баннерде жарнама мәтіні, фирмаңыздың немесе дүкеніңіздің атауы қазақ тілінде сауатты жазылғанына күмәндансаңыз, онда тексеру үшін 8-775-881-40-42 және 8-778-355-21-80 WhatsApp нөмірлері арқылы мамандардың көмегіне жүгіне аласыз. 
Telegram-да t.me/jarnamatilikrg бірыңғай арна мен t.me/jarnamakrg тобы ашылған. 
Сондай-ақ jarnama09@mail.ru. электрондық поштасына хат жазуға болады. 
– Бұл қызмет тек сыртқы жарнамаға қатысты екенін атап өткім келеді. Біз аудармамен айналыспаймыз, бірақ жарнама мәтіні, фирма немесе дүкен атауы қазақ тілінде қаншалықты сауатты жазылғанын тексереміз. Бұл қызмет түрі тегін, – дейді тілдерді дамыту бойынша басқарманың бөлім басшысы Әсел Қашқынбекова. 
Сонымен қатар тілдерді дамыту бойынша басқарма “Фейсбук” және “Инстаграмм” парақшаларында облыстың аудан, қалаларындағы жауапты мамандар туралы, жұмыс телефон нөмірлерімен, WhatsApp, электронды поштасы көрсетілген ақпаратты жариялады. 
 

Басқа материалдар

Back to top button