Президент компаниялар атауын қазақ тілінде қоюды тапсырды
Бизнеске кедергі келтіретін барлық тосқауылдарды жою қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен Елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат
«Бизнеске кедергі келтіретін барлық тосқауылдарды жою қажет. Кәсіпкерлер үшін инженерлік желілерге қосылу айтарлықтай күрделі мәселе болып отыр. Жер учаскелерін жалға беру жөніндегі аукциондарда коммуникацияларға қосылуға техникалық мүмкіндіктер болмауына қарамастан, ұсынымдар беріліп жатады. Немесе құрылысты жүргізу барысында бұрын бекітіліген шарттар өзгеше талаптағы шарттармен алмастырылады. Мәселен, «Premium Development Life Park» ЖШС-да электр желісіне қосылуда проблема болды. Атауы өте қызықты екен. Жалпы, бұл компанияның атауы неліктен қазақ тілінде болмайды? Біз жаңа компанияларымызды ең алдымен, қазақ тілінде атауымыз керек. Бұл мәселені назарға алу қажет”,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.