Жаңалықтар

“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы қолданысқа енеді

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  үкіметке  “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасын құруды тапсырды. 

“Біздің ауылдарды даму нүктесіне айналдыру керек. Қытайдың индустрияландыруды қалай бастағаны есіме түсіп отыр. Олар ауыл шаруашылығын дамытты, электроника шығара бастады. Біз электроника ойлап шығармай ақ қояйық, бірақ ауылда жұмыс орындарын ашуға болады ғой”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы “Атамекен” кәсіпкерлер палатасына және жергілікті әкімдерге осы мәселені басты назарда ұстап, ауылдардағы шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасауды тапсырды. 

“Үй салып, инфраструктураны дамытсақ, бізге ауылдан халық тартыла бастайды. Үлгі бола алатын ауылдар бар, осы орайда үкіметке “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасын  құруды тапсырамын. ол үшін 90 млрд теңге бөлініп, 2019-2020 жылдары игерілуі керек”, – деді Мемлекет басшысы. 

Дереккөз:  informburo.kz 

Басқа материалдар

Back to top button