Коронавирус

Екінші толқын енжарлықты кешірмейді

Дәрігерлер індетті емдеудің жаңа тәсілін таңдауы керек. Мамандар көбіне Covid-19 басталғанда Қытайлық әріптестерінің тәжірибесіне сүйенді. Бұл тәжірибе дәрігерлеріміз үшін маңызды болды. Ақпарат аз болса да, қолдағы бар мәлімет қазақстандықтардың өмірін сақтауға көмектесті. Бұл туралы облыстық клиникалық аурухананың пульмонология бөлімінің меңгерушісі, пульмонолог-дәрігер Айнаш НЫҒЫМЕТОВА мәлімдеп, індет расталған науқастарды қалай емдегеніне тоқталды.

Пандемия бүкіл әлемде пульмонологтар мен инфекционистердің жетіспейтіндігін көрсетті. Сондықтан, қазір коронавируспен бетпе-бет күреске қатысқан әртүрлі профильдегі дәрігерлер көптеген медициналық оқулықтар мен анықтамалықтарға жүгінуде. Өз кезегінде денсаулық сақтау министрлігі де кіші және орта медицина қызметкерлеріне өздерін және халықты КВИ-дің одан әрі таралуынан қалай қорғауға болатындығын дәрістер арқылы үйретті.

Пульмонолог вирустың тез мутацияланғанына және клиникалық көріністі өзгерткеніне назар аударды және індетті «Өте айлакер жауды бағаламауға болмайды» деді. Кейде дәрігерлер емдеу процедураларын түсінбей, инфекцияны емдеу хаттамасын 10 рет қайта қараған. Кей кездері өздері білмейтін аурумен күресіп жатқандай күй де кешкен. Мұндайда дәрігерлер өзінің басты «зиян тигізбеңіз» өсиетін ұстанған. «Оларда (науқастарда) тамырға зақым келеді және тамыр қабырғаларының зақымдалуына байланысты ең алдымен өкпенің зақымдануы байқалады. Коронавирус инфекциясының кесірінен дамитын және жаппай тыныс алу жеткіліксіздігіне әкелетін бұл – пневмониттер. Сонымен қатар, індетке шалдыққан науқастар үшін туыстар мен достардың қолдауы өте маңызды. Жақындарының қолдауын сезінгенде адамдар тезірек қалпына келеді. Психосоматика үлкен рөл атқарады. Оттегінің оң және теріс жақтары бар және бәрі оттегінің берілуіне және концентрациясына байланысты. Егер дұрыс көрсетілмесе, адам өзін дұрыс ұстамаса, ол өзіне зиян тигізуі мүмкін», – деп түсіндірді маман.

– Қазір індеттің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, екінші толқын алдыңғыдай қауіпті болмауы тиіс. Қазір созылмалы аурулардың алдын алу және күрес бойынша іс-шаралар өткізілуде, учаскелік дәрігерлер қала тұрғындарын емханаларда тексеріп жатыр. Салауатты өмір салтын ұстану – ең негізгі нәрсе. Біз науқасқа ауырғанда көмектесеміз. Бірақ, адам сау кезде денсаулығын ойлап, еркінсімей, санитарлық талаптарды сақтап, сақ болған жөн. Денсаулық – терең байлық, – деп кеңес береді пульмонолог.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button