Ресми

Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы тағайындалды

Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшылығына белгілі ақын, қоғам қайраткері Айтбай Жұмағұлов тағайындалды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын хабарлады.

“Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбектің тапсырмасына сай, облысымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру ісі тың қарқынмен жүзеге аспақ.

Осы мақсатта «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі өз жұмысын бұдан былай «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің құрамында жалғастырады.

Бүгін жобалық кеңсенің басшылығына көпшілікке белгілі ақын, қоғам қайраткері Айтбай Жұмағұлов тағайындалды.
Жаңа басшылықтың алдында жобалық кеңсенің жұмысын жаңаша құру, «Рухани жаңғыру» идеологиясын жете түсіндіру, қоғамдық сананы жаңғырту ісіне тың серпін беру міндеттері жүктеліп отыр.
Айтбай Ботбайұлының ел игілігіне бағытталған еңбегіне табыс тілейміз”, – деді Ерлан Бейсенбайұлы.

Басқа материалдар

Back to top button