Тараздағы төтенше жағдайды бойынша үкіметтік комиссия құрылды
Тараз қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты. ҚР ІІМ ТЖК күшімен қажетті мамандар мен техника саны жұмылдырылды, үйдің барлық тұрғындары толық көшірілді, – деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
“Тараз қаласындағы төтенше жағдай туралы ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Мамин шұғыл түрде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевқа баяндады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға орнына ұшып кетті”, – делінген хабарламада.
Қазір апат болған үйдің тұрғындары жақын маңдағы №41 мектепке орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.Оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Алдын ала болжам бойынша, жарылыстың шығуына газ жабдығын дұрыс пайдаланбау себеп болуы мүмкін.