Жеңіс Қасымбек: «Қарағанды облысында бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтандырылады»

Алдағы екі жылда Қарағанды облысында бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтандырылады. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді. 

 

— Облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен біз бастауыш сынып оқушыларын отбасының материалдық жағдайына қарамастан кезең-кезеңімен ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдадық. Бірінші және екінші сыныптар биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. 2021 жылы – үшінші сыныптар, 2022 жылы — төртінші сыныптар, — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек өз есебінде мектептерді жөндеу бойынша 3 жылдық бағдарламаны ұсынды. Өңірде үш ауысымды оқытумен қатар апатты жағдайдағы бірде-бір мектеп қалмайды, — деп мәлімдеді ол. Оқу орындарының 542 ғимаратын жөндеу және 11 жаңа ғимарат салу жоспарлануда. Бұл мақсатқа 40 млрд теңге жұмсалмақ.
Барлық мектептерде қауіпсіздікті күшейту үшін бейнебақылау камералары орнатылады, — деп атап өтті облыс әкімі.
Жеңіс Қасымбек сондай-ақ, қалалық және ауылдық балаларда өзіндік дамудың қандай жаңа мүмкіндіктері пайда болатынын айтты. Облыста қосымша білім беру орталықтарының саны артылады. Осы жылы Қарағандыда Балалар мен жеткіншектер сарайы және Сәтпаев қаласында Оқушылар сарайы ашылады. Ақтоғай, Ұлытау және Қарқаралы аудандарында жас туристер мен натуралистер станцияларын ашу жоспарланып отыр. Жаңаарқа ауданында Оқушылар үйі салынады, Бұқар жырау және Осакаров аудандарында балалар технопарктері жабдықталады.