Стоматологиялық кабинеттер жұмысын жалғастырады

Қарағанды облысында емханалар жанындағы стоматологиялық кабинеттер 21 сәуірден бастап қайта жұмыс істей бастады. Олар шұғыл көмек қажет болған халыққа қызмет көрсетеді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

 Бұған дейін карантинге байланысты тіс дәрігерлері, тек, Денсаулық сақтау басқармасының облыстық стоматологиялық емханасында  ғана қабылдаған болатын. Енді шұғыл көмекті емханалар жанындағы стамотологиялық кабинеттерден, тәуліктің кез келген уақытында алуға болады. Сондай-ақ,  облыстық стоматологиялық емхана қосымша екі балалар хирургиялық кабинетін ашты.