83 жастағы әже таңдау жасады

Жәйрем кенті әкімін сайлауға 83 жастағы Хупаш БУХАЖАНЫ есімді әже дауыс берді.

250 сайлау учаскесінің қызметкерлері әжейдің шаңырағына барып, таңдау жасатқан. Көнекөз әже үміткерлерге ақжол тіледі және жаңадан сайланған әкім халыққа жақын болса екен деген тілегін жолдады.

Қасымхан ҒАЛЫМ.