Covid-19АймақКоронавирус

Коронавирус азайып келеді: бір тәулікте аймақта 69 адам тіркелген

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 668 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 69, облыс “жасыл” аймақта орналасқан.

коронавирус қарағандыда
фото: Ашық дереккөз

Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 24 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 159 974  жағдай тіркелді.

2022 жылдың 24 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,3%-ды құрайды, яғни 728 351 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60,1%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен  66,6%  немесе  680 726  адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,2%-ы.2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 279 124 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын  халықтың  58,7%-ы.2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды.

Биылғы 24 тамыздағы мәліметтер бойынша 36 655 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың  74,3%.Инфекциядан қорғанудың бірден бір жолы COVID–19 вирусына қарсы вакцинаның толық курсын алу және ревакцинация екенін естен шығармаңыздар!

Басқа материалдар

Back to top button