КоронавирусРесми

Министр санитарлық нормаларды сақтауға шақырды

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.

Оның айтуынша, карантин режимі бірнеше айға созылғанымен, талаптарды сақтау әлі де болса әдетке айналмаған тәрізді. Бетперде, медициналық қолғап кию, қолды сабынмен жуу, қашықтықты сақтау, адам көп жиналатын жерге бармау және кездесу кезінде құшақтаспау әрі қол алыспау тәрізді негізгі бес талап күнделікті өмір салтымызға енуі тиіс.

–  Бірқатар тұрғындар ережелерді сақтамайтынын көріп жүрміз. Нормаларды қатаң сақтау өзіңізбен қатар жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын қорғауы мүмкін, – деген министр індетті жеңуде осы қарапайым талаптардың маңызы зор екенін айтты.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button