Спорт

Жаңа стадион – мүмкіндіктер алаңы

Қарағандылық «Шахтер» клубы алдағы «үй» матчтарын Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында өткізбек. Осыған орай Қазақстан футбол федерациясы стадионның елдегі төтенше жағдайға байланысты эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді.

Қарағандылық клубтың алматылық «Қайратқа» қарсы алғашқы ойыны Қостанайдағы «Тобыл Арена» стадионында өткені белгілі. «Шахтер» 1:0 есебімен ұтты. Жерлестеріміз алдағы премьер-лига сапындағы төртінші кездесуін қызылордалық «Қайсарға» қарсы Алматыда өткізбек.

Қазіргі таңда «Шахтер» стадионына жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Алаңға ФИФА тарапынан сертификатталған газон төселіп, жылыту және автоматтандырылған суару жүйелері салынуда. Жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button