КоронавирусРесми

Қарағанды облысында карантинді күшейту бойынша қосымша шаралар енгізілуде

Қарағанды облысында 27 маусымнан бастап карантиндік шектеулер күшейтіледі. Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданып отырған шара. Коронавирустық инфекцияға қатысты аурушаңдық төмендемеуде. Күн сайынғы өсім 4,4% құрады, республикалық көрсеткіш 2,4.

Бұл туралы Saryarqa телеарнасындағы тікелей эфирде өткен брифингте Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлім етті.

– Аурудың өсуіне карантин жағдайында қойылатын талаптардың бұзылуы ықпал етті: маскалық режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтамау. Қауіпсіздік ережелерін адамдардың өздері де, кәсіпорын әкімшілігі де елемейді. Мобильдік топтар өз қызметін қайта бастаған 153 нысанда бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысының талаптары бұзылғанын анықтады. Негізінен бұл қоғамдық тамақтану, сауда, қоғамдық көлік нысандары, – деп атап өтті спикер.

Осының барлығы жұқтыру қаупін жоғарылатады және карантин режимін қатаңдатуға мәжбүр етеді, деп атап өтті облыстың бас санитарлық дәрігері.

Ол КВИ таралуының алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізу туралы айтты.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған жұмыс кестесіне көшеді – 09.00-ден 14.00-ге дейін. Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн режимінде ұсынылатын болады.

Қала ішіндегі қоғамдық көліктің жүру уақыты – сағат 06.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі. Жолаушыларды салонға тек алдыңғы есік арқылы кіргізеді, ал шығу барлық есіктерді бір сәтте ашқан кезде жүзеге асырылады. Осы талаптың сақталуын бақылау қатаң болуы тиіс.

Жолаушыларды таксимен тек бір адамнан немесе кәмелетке толмаған екі баланы ертіп жүрген бір ересек адамды тасымалдауға жол беріледі.

Басқа материалдар

Back to top button