Спорт

«Теміртау» ірілігін танытты

«Сарыарқа» мен «Теміртау» хоккей командалары арасында жолдастық кездесу өтті. «Қарағанды-Аренада» өткен ойын 3:7 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Ойынның бірінші кезеңінде теміртаулық Игорь Галыгиннің қақпаға бағыттаған соққысы командасын алға шығарды. Біраз уақыт өткеннен кейін Михаил Потапов шайбаны қақпаға тоғытып, есепті еселеді. Көп ұзамай алғашқы гол авторы үшінші шайбаны соқты. Қарағандылықтар бұл таймда тек Олег Мисюльдің соққысымен жауап қайтара алды.

«Сарыарқалықтар» ойынның екінші кезеңінде де айласын асыра алмады. Қос таймның нәтижесі – 2:6.

Кездесудің үшінші бөлігінде қарағандылықтар барын салып ойнаса да, Роман Козловтың шәкірттерінен асып түсе алмады. Шешуші таймда қос команда тек бір-бір голмен ғана шектелді. 3:7. Жеңіс – теміртаулықтар еншісінде.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button