Алмас Айдаров Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Ресми хабарлама Ақорда сайтында жарияланды. Бұған дейін Алмас Айдаров Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
![](http://ortalyq.kz/wp-content/uploads/2020/02/09095220015807120590302202059_800x600.jpg)
Алмас Айдаров 1983 жылы 25 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін “Халықаралық экономикалық қатынастар” мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, магистр дәрежесін алды.
Әр жылдары “ОХК Инжиниринг” ЖШС Басқарушы директоры (“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ АҚ компаниялар тобы), “Kaznex Invest экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, “Kazakh Invest Ұлттық компаниясы” АҚ Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі болды.
2017 жылдың маусым айынан бастап соңғы тағайындауға дейін Қарағанды облысы әкімінің өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.