Президент сайлауы — 2022: дауыс берудің ережелері қандай?

Кезектен тыс Президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Сайлауда әркімнің дауысы маңызды. Ал сіз дауыс берудің ережелерін білесіз бе?

Дауыс беру белгіленген уақытта, сайлау учаскесіндегі дауыс беруге арналған үй-жайда жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі. 

Сайлаушы өзі дауыс береді. Ол дауыс құқығын басқа біреуге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге жол берілмейді. 

Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылар тізімінің негізінде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлікті көрсеткен кезде ғана беріледі. 

Дауыс беруші сайлаушылар тізімінде бюллетеньдерді алғаны туралы қол қояды. Сайлау бюллетеньдерін жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырады. Оларды толтыру кезінде өзінен басқа адамның кіруіне тыйым салынады. 

Ortalyq.kz