Коронавирус

Дәрі-дәрмекте тапшылық болмайды

Аймақта COVID-19 таралуының алдын алу және әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттардың тапшылығына жол бермеу мақсатында «Сарыарқа» ӘКК АҚ қайтарымды негізде дәрілік препараттарды сатып алуды қаржыландыруды жүзеге асырды. Бұл туралы «Сарыарқа» ӘКК баспасөз қызметі хабарлайды.

«Келісім-шарттың талаптарына сәйкес фармацевтикалық компания Қарағанды облысының дәріханаларына 150 мың «Парацетамол» және «Ацетисалицил қышқылы», сондайақ 10 мың «Ингавирин» және 20 мың «Осельтамивир» сатып алуға, сақтауды және өткізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді. Соңғы екі препарат вирусқа қарсы» дейді баспасөз қызметі. Сонымен қатар, дәрі-дәрмекті жеткізуші жылдың соңына дейін облыстың дәріханаларында осы препараттардың бір айлық қорын қамту міндетін мойнына алған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button