Спорт

Титул кімге бұйырады?

ІBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий ГОЛОВКИН (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил ШЕРЕМЕТА (21-0, 5 КО) арасындағы көптен күткен жекпе-жектің күні 21 қараша деп бекітілді. Бұл кездесуде жерлесіміз өз титулын қорғап қалу үшін барын салмақ. Ал, кездесу Калифорнияда өтеді деп жоспарланған.

Естеріңізде болса, қос қарсылас арасындағы теке тірес былтыр ақпан айында болады деген. Алайда, ұйымдастырушылар наурыз айына шегерді. Одан кейін жерлесіміздің жарақатына байланысты кейінге қалдырылған болатын.

Головкин соңғы рет рингке 2019 жылдың қазанында шыққан. Украиндық Сергей Деревянченконы ұтып, қос бірдей титулды иеленді. Сол күні Камил Шеремета мексикалық Оскар Кортеспен кездесіп, нокаутпен жеңді.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button