Руханият

70 жылдыққа – 70 игі іс

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдығына орай университет студенттері «70 игі іс» акциясын өткізуде.

«Жас Орда» жастар қауымдастығының белсенділері қашанда игі істердің басы-қасында. Мәселен, «Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарының 160 жиынтығын сатып алуға көмектесті. Студенттік ұйымда екі маңызды бағыт бар. Оның бірі 2018 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан «Ақниет» қайырымдылық бірлестігі және 2019 жылы құрылған еріктілер штабы.

– Біздің университетте студенттер белсенді түрде еріктілікпен айналысады. Жасордалықтар Балалар үйі мен Қарттар үйіне, аз қамтылған отбасылар мен ардагерлерге үнемі көмектеседі. Бұл ретте міндетті түрде сыйлықтар немесе азық-түлік жиынтықтары беріліп, студенттер концерттік нөмірлер қояды. Біздің білім алушыларымыз әр бала мен әр қарт адамдарды танып, көмек қолын созады. Ал олар жастардың келуін асыға күтеді, – дейді университеттің жастар саясаты департаментінің директоры Рустам Бузяков.

Сондай-ақ, студенттер ауыр науқастарды қолдау үшін бірқатар қайырымдылық акцияларын өткізді. Қаражат жинау үшін футбол, волейбол турнирлері, жәрмеңкелер мен концерттер, сондай-ақ, қан тапсыру акциялары ұйымдастырылды.

Белсенділер экологиялық волонтерлікке көп көңіл бөледі. Олар Бұқпа өзенінің арнасын, саябақтар мен гүлзарларды, қаланың жалғызілік қарт тұрғындарының ауласынан қоқыс пен қарды шығарып, тазартты.

Университет студенттері, оқытушылары және түлектерінің біріккен күш-жігері арқасында жаңа жыл қарсаңында 300-ден астам баланың тілегі орындалды.

Сонымен қатар, студенттер елдегі және одан тыс жерлердегі төтенше оқиғалар кезінде зардап шеккендерге көмек беруден қалыс қалмады. Түркия азаматтарына, Қостанай және Екібастұз тұрғындарына өрт және табиғи апаттар салдарынан жапа шеккендерге киім, азық-түлік, дәрі-дәрмек және жеке гигиена құралдарын жинауды ұйымдастырды.

Гүлнұр CЕРІКЖАНҚЫЗЫ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button