Бәрекелді!

Жерлестер жеңіс тұғырында

Әскери қызметшілер арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, әскери-спортшылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында қоян-қолтық ұрыс түрінен «Астана» өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты бөлімдер арасында жарыс өткізілген болатын. Сайысқа қатысқан әрбір әскери қызметші үшін қоян-қолтық жекпе-жек жарысы, оның жауынгерлік даярлығында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Әскери қызметші қызметінде атыс қаруын қолданар тұста қаруы жанынан табылмай қалған жағдайда түрлі жауынгерлік және спорттық жекпе-жек тәсілдерін қолдана білуі керек.

Шапшаң қимылдарымен, бойдағы жауынгерлік рухтарымен, сонымен бірге тасып тұрған күш-жігерлері арқылы жарыс алаңына шыққан әскери қызметшілер қарсы келген қарсыластарына соққы беріп, ұтымды әдістерін пайдалану арқылы жеңіс тұғырына жетуге ұмтылды. Жарыстың өткізілуі барысында, осының бәрін тиімді тү де жүзеге асыра білген «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 06708 әскери бөлімінің әскери қоян-қолтық жекпе-жек түрлерін жетік меңгерген әскери қызметшілерінің құрамасы жеңістің тәтті дәмін татты. Марапатқа ие болған сайыпқырандар сапында аға лейтенант Айдар Дәулетов, аға лейтенант Телжан Орынғажиев, лейте нант Абылайхан Өтеулин, сержант Мақсат Төлегенов, кіші сержант Бекбол Әбдіқадыров, кіші сержант Шалқар Мәдібеков, ефрейтор Саят Байтаев, ефрейтор Ақыл Джалилов және қатардағы жауынгер Ержан Тұрғанбаевтың есімдерін ерекше атаған жөн. Жеңіспен оралған жеңімпаз әскери қызметшілерді Приозерск гарнизонының бастығы подполковник Есжан Батырбеков қабылдап, оларды жеке құрам атынан құттықтады. Әскери лауазымды тұлға подполковник Есжан Оралбекұлы өзінің құттықтау сөзінде:

– Әскери қызметшілер үшін спорт және дене шынықтырумен айналысу – қызметтік міндеттерді орындау барысында түрлі қиындықтарды жеңе білуге жетелейтіні рас. Әскери қоян-қолтық жекпе-жектің түрі жауынгерлік даярлықты жетілдіру барысында әскери іс-қимыл әдістерді меңгеруді көп қажет ететіндігі сөзсіз. Бұл өз кезегінде – әскери қызметшілерді темірдей тәртіпке тәрбиелейді, – деген ойын жеткізді.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button