Спорт

Облыс тұрғындарын спортқа баулу қарқынды жүріп жатыр

Қарағандыда “Әр аулаға спорт” жобасы іске қосылды. Мыңнан астам қала тұрғыны үйдің жанында тегін спортпен шұғылданады. Жаттығулар өткізу үшін 22 алаң бар, болашақта олардың саны бұдан да көп болады деп күтілуде.

– Мұндай жоба облыс орталығында алғаш рет іске қосылды, – дейді Қарағанды қаласының дене шынықтыру және спорт секторының меңгерушісі Берік Досымбеков. – Оның басты міндеті – халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға, оның ішінде қалалық спорт алаңдарын тиімді пайдалануға тарту. Жас мөлшеріне және дене шынығу деңгейіне қатысты шектеулер жоқ. Әр санат үшін өзіндік жаттығу жүйесі құрылған. Балаларға арналып ашық ойындар ұйымдастырылса, қарт адамдар созылу және кардио арқылы денсаулықтарын нығайта алады.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін сабақтар жұмысқа дейін және кейін өткізіледі. Олардың барлығы тегін. Ол үшін спорттық құрал-жабдықтар да сатып алынды.

Таңертеңгілік бағдарламаға фитнес-жаттығулар мен жалпы дене шынықтыру жаттығулары, ересектер мен балаларға арналған zumba, мамандар мен спортшылардың шеберлік сабақтары кіреді. Орталық саябақ пен Жеңіс саябағында скандинавиялық серуендеу сабақтары өтеді. Кешке спорттық турнирлер ұйымдастырылады.

– Сабақтарды спорттық білімі және жұмыс өтілі бар инструкторлар өткізеді, –деп атап өтті Берік Досымбеков. – Біздің тұрғындарға салауатты өмір салты – құр бос сөз емес екенін түсіну бірте-бірте санасына құйылып жатқаны қуантады. Егер адам сау болса, ол жұмыста да, жалпы өмірде де тиімді. Айта кету керек, сабақтар ауа райы мүмкіндік бергенше өтеді.

Жобаға қатысқысы келетін, сондай-ақ спорт нұсқаушысы болғысы келетіндердің барлығы (8-7212) 49-39-56 телефоны бойынша “Шахтер” стадионының ұйымдастыру бөліміне хабарласа алады. Instagram-дағы:@stadionshakhter парақшасынан жоба туралы толығырақ білуге болады.

Ал Теміртау тұрғындары үшін Аulafit ұлтты сауықтыру бойынша әлеуметтік бағдарлама жұмыс істейді. Оның бастамашысы бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев болды. Көп қабатты үйлердің тұрғындары кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен өз аулаларында тегін спортпен шұғылдана алады. Аула фитнесі балалар мен ересектерге арналған. Жаттығулар жаз бойы қаланың алты спорт алаңында өтеді.

Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін “Космос” аула клубында (8-ші шағын аудан, 114), 6А кварталының спорт алаңында және қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткізіледі.

Сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін және 17:00-ден 20: 00-ге дейін ескі қала саябағында, Металлургтер даңғылы, 34/1 және № 19 мектепте орналасқан спорт алаңдарында.

Балқашта тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту идеясын жергілікті студенттер қолдады. Ақтілек Қанатбек пен Диас Балғабаев жастарға стрит-воркаутта тегін жаттығулар өткізеді.

Олар М. Хамзин атындағы Металлургтер мәдениет сарайының жанындағы алаңда түрлі трюктер мен қимылдарға үйретеді. Сабақтар дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері сағат 19:00-ден басталады.


+7-771-436-56-21, +7-702-895-52-14 телефондары арқылы жазылуға болады. Instagram-да: @melannncholyy@ds_style.18 парақшаларынан толығырақ білуге болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button