Спорт

Скейтбординг кестеге енді

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) Атқарушы кеңесі скейтбординг бойынша Токио Олимпиадасының іріктеу кезеңінің ережелеріне енгізілген өзгерістерді мақұлдады.

Коронавирус пандемиясына байланысты Олимпиада ойындары бір жылға кейінге қалдырылып, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы арасында өтетін болды. Олимпиада ойындары басқа датаға ауыстырылғандықтан бірнеше іріктеу кезеңіне де өзгеріс енгізуге тура келді. Бүкіләлемдік роллер-спорт пен скейтбординг федерациясы (World Skate) наурыз және сәуір айында өткізілмеген жарыстарды қарастырып, Олимпиадаға іріктеу кезеңін жаңартып, тағы да уақыт қосыпты. Атап айтқанда, Олимпиада ойындарына іріктеудің екінші кезеңі өтеді. Ол 2021 жылдың 29 маусымына дейін жалғасады деп күтілуде. Айта кетейік, скейтбординг спорты Олимпиада тарихында бірінші рет Токио Олимпиадасының кестесіне қосылып отыр.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button