Спорт

Жерлес жарады

Жерлесіміз Абылайхан ЖҮСІПОВ кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 31 қазанда Атырауда өткізіп, сәтті кездесу көрсетті.

«Suleimen Promotions» компаниясы өткізген кәсіпқой бокс кешінде Жүсіпов танзаниялық Мешак Мванкемвамен (21-7, 13 КО) жұдырықтасты. Бірінші орта салмақтағы кездесу (69,85 келі) алты раундқа созылып, төрешілер шешімімен Абылайхан басымдымдықпен жеңіске жетті.

Бұған дейін аталған бокс кешінде Евгений Павлов пен Данила Семенов профирингте сәтті дебют жасады.

Айта кетейік, Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов те кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласын нокаутқа түсірді. Бұл – жас спортшының кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісі. Ол шаршы алаңда Танзаниядан келген 28 жастағы боксшы Ибрагим Маоколумен кездесті. Қазақстандық боксшы екінші раундта ұрымтал сәтті қалт жібермей, қарсыласын нокаутпен жеңді.

Бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button