Жаңалықтар

№61 мектеп – жеңімпаз

    Қарағандыда бұқаралық спортты дамытуға ұдайы көңіл бөлініп келеді. Мәселен, аптаның басында қаладағы №81 орта мектеп базасында оқушы қыздар арасындағы шағын футбол бәсекесі мәреге жетті.

Аталған дода «Мектеп лигасы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Жарысқа 2003-2004 жылдары дүниеге келген қыздар қатысты. Барлығы 6 команда мықтылық байқасты.

Бес күнге созылған бәсеке қорытындысында №61 орта мектеп құрамасы жеңімпаз атанды. №23 орта мектеп қыздары екінші орынға ие болды. Үшінші орын №30 орта мектеп командасына бұйырды.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button