Жаңалықтар

Қарағандылықтар Рамазан айын қалай өткереді?

Биыл қазақстандықтар қасиетті Рамазан айын карантин жағдайында қарсы алады. Осы орайда, ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша өкіл-имамы Өмірзақ қажы Бекқожа діни рәсімдердің қалай орындалатыны туралы айтты. 

  

  • Рамазан айы 24 сәуірде басталады. Ал, 23 сәуірде тарауық намазының кешкі дұғасы өткізіледі. Біз мешітке келіп, мінәжат ете алмаймыз. Сондықтан, карантин жағдайында әрқайсымыз мұны өз үйімізде жасауымыз керек. Рамазан айында ораза ұстау міндетін әрқайсымыз өз мойнымызға алайық. Ораза – осы бір қасиетті айда мұсылмандардың орындайтын бес парызының бірі, – деді Өмірзақ қажы Бекқожа.

Сондай-ақ, облыстың бас имамы тұрғындарды ауызашар беруден тыйылып, оның орнына мұқтаж жандарға қаржылай қолдау көрсетуге шақырды. 

  • Бұл ең үлкен сауап болады. Қонаққа бармаңыздар және өзіңіз де шақырмаңыз. Карантин талабын сақтаңыздар және қоғамдық орындарда жиналмаңыздар. Біз өз денсаулығымызға нұқсан келтірмеу үшін осы нұсқаулықтарды бұлжытпай орындауымыз керек. Сондай-ақ, пітір садақасын өтеу мен зекет төлеудің де маңызы зор. Әзірге, олардың мөлшері анықталған жоқ, – деді ол. 

Басқа материалдар

Back to top button