АқтоғайБас тақырып

Ақтоғай ауданында жылжымалы дәріхана ашылды

“Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтоғай ауданында жылжымалы дәріхана ашылды. Бұл ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмекті арзан бағада алуға мүмкіндік бермек.

Сурет Ақтоғай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дәріхана арнайы бекітілген кесте бойынша аудандағы әр ауылды аралап шығады. Бұған дейін ауданда жалғыз стационарлық дәріхана болған еді. Оның өзі аудандық орталық ауруханада орналасқан. Шалғайдағы ауылдардың тұрғындары дәрі алу үшін аудан орталығына баруға мәжбүр болды. Енді бұл қиындық артта қалды десек те болады.

Басқа материалдар

Back to top button