Президент Қарағанды-Қарқаралы тасжолын жөндеуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қарағанды жұртшылығымен кездесуінде облыстың тыныс-тіршілігімен танысып, нақты мәселелерді талқылау үшін арнайы келгенін атап өтті. Сондай-ақ өңірдің тарихы мен ел руханиятында алатын орны туралы атап көрсетті.

Ел Президенті Қарағанды өңірінің алдағы уақыттағы даму бағыттарын айқындап берді. Оның ішінде аймағымыз үшін айрықша қуанышты жаңалық Қарағанды – Қарқаралы бағытындағы тасжолды жөндеу туралы тапсырма берді.
«Қарағанды-Қарқаралы тасжолын жөндеуді тапсырамын. Қарқаралының туристік әлеуетін арттыру мақсатында бұл жұмысты алдағы екі жылдың ішінде аяқтау қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл жұмыстар биылдың өзінде басталып, 197-207 км аралығындағы жол орташа жөндеуден өткізілді. Келесі жылы қалған 74 шақырым жол жөндеуден өткізілетін болады. Бұл өз кезегінде өңірдің тек туризм саласының дамуына ғана емес, жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретіндігі сөзсіз.
Баршын ЕРТІСҚЫЗЫ,
Қарқаралы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.