Ресми

Қымбатты қарағандылықтар!

1992 жылы 4 маусымда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері туралы заңға қол қойды. Бұл рәміздер біздің ең басты мемлекеттік құндылықтарымыз – Ту, Елтаңба, Әнұран.

Осылайша біз жер шарында Қазақстан Республикасы атты егеменді мемлекет бар екенін және ол ғасырлар бойы азаттығын қастерлеп, рухын биік ұстап өтетіндігін тағы бір мәрте дәлелдедік.

Сол сәттен бастап бұл күн қазақстандықтар үшін басты мерекелердің біріне айналды.

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады.

Олар Елбасының сындарлы саясаты негізінде қолға алынған құндылықтарды жүзеге асырады. Бұл – ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік және келісім. Сондықтан да, Мемлекеттік рәміздер әрбір қазақстандық азаматтар үшін де, өскелең ұрпақ үшін де аса зор құндылық болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер кез келген мемлекет дамуының ажырамас бөлігіне айналған. Рәмізге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі. Мәдениет, спорт, білім беру салаларынан қарағандылықтар халықаралық аренада Қазақстанның туын бірнеше рет көкке көтергенің де ескере кеткен жөн.

Бүгінгі мерекенің Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мен Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында өтуінің маңызы өте ерекше.

Шынымен де өз Отанына деген шексіз махаббат пен шынайы патриотизм болмайынша, нағыз азамат, нағыз адам болуы мүмкін емес.

Мерекелеріңізбен, құрметті жерлестер!

Баршаларыңызға мықты денсаулық, зор бақыт пен амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

Н. ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі

Қ. БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button