Жаңалықтар

Қарағандылық ардагерлерге үш жүз мың теңгеден беріледі

Жеңіс күні мерекесіне орай қарағандылық соғыс ардагерлері 300 мың теңгеден алады. Ал, ардагерлерге теңестірілген тұлғаларға бір реттік көмек ретінде 20 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін беріледі.

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына қалалық бюджеттен 127 млн.теңге бөлінген. Қазіргі таңда кеншілер шаһарында екінші дүниежүзілік соғыстың 43 ардагері мен соғыс мүгедегі тұрады. Атап айтқанда, Қазыбек би ауданында – 31 адам, Октябрь ауданында – 12 адам. Ал, 5 216 адам ардагерлер санатына  теңестірілген. Олардың ішінде концлагерде тұтқында болғандарға және Ленинград қоршауында болған азаматтар 100 мың теңгеден, өзге санаттағы азаматтарға 20 мың теңгеден төленеді. Сондай-ақ, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтар 100 мың теңгеден алады.

Қалалық және аудандық әкімдіктер соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне салтанатты қабылдау шараларын өткізеді. Бұған қоса ардагерлердің үйлеріне барып, құттықтайтын болады. Сондай-ақ қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Басқа материалдар

Back to top button