Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл

Республикалық дода Қарағандыда өтті

Қарағандыдағы жаңа теннис орталығында жастар арасында өткен республикалық «Каraganda Masters 12 & under» турнирі мәреге жетті. Байрақты бәсекеге 100-ге жуық спортшы қатысты.

Қатысушылар жекелей және жұп болып сынға түсті. Турнир санитарлық талаптарды сақтай отырып, 26-30 сәуір аралығында өтті.
Қыздар арасында 1 орынды Нұр-Сұлтаннан келген Руслана Русланова иеленсе, ұлдар арасынан елордалық Даниель Юрекли қара үзді.
Елордалық Адия Омарбек пен Сабина Серікқали жұбы арасындағы жұптық сайыста жеңімпаз атанса, ұлдардан Даниель Юрекли мен Арафат Мустафа (Атырау) жұбы топ жарды.

Бұл сайыс рейтингілік турнир болып саналғандықтан қатысушылар рейтингілік ұпай алды. Жеңімпаздары мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табысталды.

Басқа материалдар

Back to top button