Коронавирус

Қарағандылық жастар автобус жүргізушілеріне маска таратты

Мереке күндері Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы аймақтық штабының өкілдері мен волонтерлер қала көшелерінде өтіп бара жатқан адамдар мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне медициналық маска таратты.

Қарағанды облысының ҚХА Аналар кеңесінің әйелдері мата сатып алып, бетперде тігуде, ал жастар көшелерге шығып, ол өнімдерді таратуда.

– Осы бір қиын кезеңде бастамашылық танытып, жерлестеріне көмектесуге еріктілер шықпағанда кім шығады? Біз бүгін тек көшеде кездескен адамдарға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық көлік жүргізушілеріне де маскалар тараттық. Себебі олар күн сайын көптеген адамдармен байланыста болады, – дейді жастар.

Басқа материалдар

Back to top button