Спорт

5 мамыр: Головкин – Мартиросян

 

Геннадий ГОЛОВКИН 5 мамырда шаршы алаңға шығады. Бұл туралы «Sports.kz» хабарлады.

Даңқты жерлесіміздің қарсыласы – америкалық Ванес Мартиросян. Ванестің тегі – армян. Бұған дейін кәсіпқой бокста 40 кездесу өткізген. Бір жекпе-жекте тең түсіп, үшеуінде ұтылған. Қалғанында ұтқан.
Бастапқыда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) армянның Геннадиймен кездесуге деген ниетіне қарсылық танытты. Алайда, соңында федерация келісімін берді.
Естеріңізде болса, Головкин 5 мамырда Альвареспен кездесуі керек-ті. Алайда, Альварестің сараптамасынан тыйым салынған препарат табылды. Осыған сәйкес, Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық боксшыны 17 ақпаннан бастап жарты жылға бокстан шеттетті. Десек те, Гена мен Альварес қыркүйек айында қарымта жекпе-жекте қолғап түйістіруі бек мүмкін.
Том ЛЕФФЛЕР, промоутер:
– Бізге лайықты қарсылас табу қиынға түсті. Қазіргі жағдайда Мартиросянмен жекпе-жек өткізу тиімді болып тұр. Лос-Анджелесте оның қолдауы күшті. Жергілікті жұрттың сүйіктісіне айналған. Тағы бір айтып өтері, ол Головкин күміс жүлдегер атанған Афины Олимпиадасында өнер көрсеткен. Сондықтан, таңдауымыз Мартиросянға түсті.
Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында өтеді.

Нұрқанат ҚАНАФИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button