Кезектен тыс Президент сайлауы аясында өткізілетін пікірсайысқа 63 млн теңге бөлінеді

Кезектен тыс Президент сайлауы аясында өткізілетін пікірсайысқа 63 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz сайты ADYRNA.KZ сайтына сілтеме жасап. 

фото интернеттен алынды

«Хабар» телеарнасының өтінімі бойынша 63 млн теңге ұсынылды, — деді Щегорцова ОСК отырысында.

Телеарна өкілі бұл ақшаның қайда жұмсалатынын түсіндірді.

«Бұл қаржы студияны жасақтауға, тікелей эфирді ұйымдастыруға, қосымша қызметкерлерді жалдауға жұмсалады. Бұл бағдарламаны ұйымдастыру «Хабар» телеарнасының жоспарына кірмеген. Шығын ОСК шығысының сметасында көрсетілген. Заңға сәйкес, ОСК-да дебат өткізе алады», — деді «Хабар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов.

Айта кетейік, дебат 11 қарашада «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі. Пікірсайысқа Қазақстан Президенттігіне кандидаттар қатыса алады. Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына қоғамдық штаб басшысы, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қатысады.