Руханият

Ұлттық Ұлан сарбазы Мәулен МАЛДЫБАЙҰЛЫ Абай оқуларынан бас жүлде алды

Абайдағы Абай оқуларына Ұлттық Ұланның 6505 әскери бөлімінің сарбазы Мәулен МАЛДЫБАЙҰЛЫ қатысып, I орын иегері атанды. Сапта жүріп, һәкімнің әнін, өлеңін, қара сөзін жүрегімен түйсіне алған Мәулен өзінің ғана емес, жалпы сарбаздардың мәртебесін биіктетті.

Мәулен Малдыбайұлы
фото: ortalyq.kz

Айта кетейік, бұл жолғы Абай оқулары «Балалар жылын», Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 30 жылдығын, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын және Абай ауданының құрылғанына 25 жыл толғанын тоқайластырыпты.

Онлайн байқаудың қорытындысы Абай қаласындағы бас ақынның ескірткіші алдында жарияланды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» байқауында топ жарған Мәулен мектеп кезінен Абайды сүйіп оқитытын айтады.

– Расымен, ерекше сезімдемін. Абай өлеңін әр қазақ жатқа оқуы тиіс. Оның ішінде ел бейбітшілігі үшін сапта жүрген сарбаздардың басты мақсаты болуы керек деп санаймын. Ел мен жерді Абайша сүйсек, қазақтың бағы тіпті жарқырап, жанады деп ойлаймын. Бала кезімнен өлеңдерін жаттап өстім. Мектепте өткен іс-шараларға да жиі қатысатын едім. Бүгінгі жеңісім соның жемісі десем де болады, – дейді Мәулен сарбаз.

Иә, осындай шаралар арқылы Абайды таныта аламыз һәм тани түсеміз. Қатардағы жауынгер Мәуленнің сөзінің шынымен жаны бар. «Ел мен жерді Абайша сүйсек, қазақтың бағы тіпті жарқырап, жанады». Тура айтылған сөз, иә?

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button