Президент сайлауы — елдің болашағы

Әлбетте, кезектен тыс Президент сайлауына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылатыны қалыпты құбылыс. Себебі, бұған дейін де елімізде талай бағдарламалар басталып, жалғасын табу үстінде. Басты мәселе – ұлттық мүддені үйлестіру, әлеуметтік-экономикалық, мәдениет, білім мәселелері мен ұлттық-этникалық мәселелерді де ескере отырып, іске асыру.

Президент сайлауы - 2022

Жаһандық жылнамаға көз салсақ, осындай аса маңызды сәттерде көп ел басшысына иек артқан, халық береке-бірлікті ту етіп ұстанып, ынтымақтың ырысқа бастайтынын терең түсінген. Осы тұрғыдан келгенде, алдымызда тұрған сайлау елдің рухани-саяси есеюінің, азаматтық тұрғыдан, мемлекеттік пейілден ұлттық ұжымдасуға дайын екендігін көрсетеді. Ұлттық руханияттың кеңістігінде жүрген әрбір зиялы қауым өкілі осы мұрат жолында елдің бірлігі мен тұтастығына жауап береді деген пікірдемін. Кезектен тыс Президент сайлауы Қазақстанның жаңа жолын, келер күндерін нұрлы белеске алып шығады деген ойдамын.

Тарихи сәтті, таңдаулы кезеңді үлкен үмітпен күтіп, осы жолда азаматтық даусымды ашық білдіремін. Бұл сайлау әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік, азаматтық борыш жүктейді. Мемлекет дамуында мемлекеттік қызмет жүйесінде ұзақ жылдардан бері келе жатқанда байқалған бір ақиқат – Президент сайлауы елдің болашағы.

Ел болашағы тұлғаның қолында, тұлғаның болашағы – елдің жолында.

Сұлтан ШӘЙМАҒАНБЕТ, JARQYN BOLASHAQ қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Ortalyq.kz