Руханият

Қос қазақ спортшысы триатлоннан Әлем Кубогына қатысты

26-30 тамыз аралығында Норвегияның Берген қаласында триатлоннан Әлем Кубогы өтті. Бұл бәсекеге 29 елден таңдаулы 65 атлет қатысты. Бұл туралы prosports.kz хабарлады. 

Бұл қатарда қазақстандық Аян Бейсенбаев пен Дарын Қонысбаев та бар. Бәсеке қорытындысы бойынша Аян 53-ші (уақыты: 00:59:56), ал Дарын 61-болып (уақыты: 01:03:27) мәре сызығын қиды.

Айта кетейік, үздік 50 спортшыға әлем рейтингінде ұпай қосылды. Енді қос қазақстандық 3-4 қыркүйек аралығында Испанияның Валенсия қаласында өтетін Әлем Кубогына қатысады. Бұдан бөлек, үш сайыс шеберлері Чехияның Карловы Вары қаласы (10-11 қыркүйек) мен Оңтүстік Кореяның Тхонъен қаласында (1-2 қазан) өтетін Әлем Кубогына дайындалады.

Басқа материалдар

Back to top button