АқтоғайЖағымды жаңалық

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Кейінгі кездері тілсіз жау – өрттің кесірінен шаруа қожалықтары мен елді мекен тұрғындарының жайылымдық жерлері қатты зардап шегіп отыр. Өткен жылы Шет-Ақтоғай бағытындағы тас жолдың бойында тұтанған өрттің кеселінен бірқатар шаруа қожалығы зардап шекті.

Суретті түсірген автор

Дала өрттерінің алдын алу мақсатында Ақтоғай ауданына қарасты Қарабұлақ ауылдық округінде мемлекеттік бағдарлама аясында жаңадан өрт сөндіру бекеті құрылды.
Әрине, ауылдық жерде құрылған шағын өрт сөндіру бекетінің үлкен өрт ошағын толықтай құрықтауға шамасы жетпес. Алайда, табиғат апатының алдын алып, өрт екпінін тежесе де қайда жатыр…

Ауыл орталығындағы өрт сөндіру бекетіне бір штаттық кестеде бюджет есебінен жалақы тағайындалған. Сонымен қатар, тіркемесімен бір «Нива» автокөлігі, «LONCIN» маркалы жоғары қысымды су сорғыш аппараты, су соратын мотопомпа, сыйымдылығы 1 текше метрлік бөшке, екі өрт сөндіруші киімі берілген.

Жаңадан шағын өрт сөндіру бекеттерін ашу мақсатында қосымша аудандық бюджеттен 5 млн. 400 мың теңге қаржы бөлу қаралған.

Ауылдық жерлерде өрт сөндіру бекеттерін ашу мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес жүзеге асырылады. Яғни, өрт бекетін ашатын ауыл тұрғыны ерікті мүліктік жарналар негізінде «Ерікті өртке қарсы құрылымдары» қоғамдық бірлестіктерін құру және әділет органына тіркеу арқылы жүзеге асады.

Мүсіркеп СЕЙДАХМЕТ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button