Руханият

БОЙТҰМАР

Уа, астанам!
Алтын күнім, барқыт нұр,
Шуағыңа шомылайын шалқып бір.
Өн бойыңда өрнек салып өткен күн,
Ұлттық ұлы рухтың исі аңқып тұр!

Еркіндікті еске салып күнбе-күн,
Бостандық деп бой көтердің, діңгегім.
Жаңа дәуір жарқылынан жаралып,
Көз алдымда бәйтерек боп бүрледің.

Бодандықтың сейілді де мұнары,
Дербестікке қанды-ау елдің құмары.
Алты Алаштың алқасындай астанам,
Азаттықтың айхой асыл тұмары!

Кір жуымас кірпиязым, киелім,
Маңдайыңа маңдайымды сүйедім.
Сүйсем сенің келбетіңді сүйемін,
Исем саған келіп басымды иемін.

…Жылдар жылжып жатқан сайын, жаңғырып,
Ажарыңа адамзатты таң қылып.
Қаймықпайтын, асау, қайсар халықтың,
Бойтұмары боп тұра бер мәңгілік!

Рауан ҚАБИДОЛДИН.

Басқа материалдар

Back to top button